Қазақстан Ұлттық банкінде өткен брифингте төраға Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендетілу себептерін түсіндірді. Регулятор басшысының атап өтуінше, шешім ұзақ талқылаулардан кейін қабылданды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Инфляцияның төмендеуі бойынша прогресс айқын көрініп тұр. Естеріңізде болса, былтырғы қыркүйекте инфляция 30%-ға жуық болды, қазір ол 10%-ға жақындады. Базалық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік пайда болды. Біз өте сақтықпен әрекет етеміз, яғни 0,25 базистік тармаққа ғана төмендеттік, себебі айтарлықтай белгісіздік сақталып отыр. Ең алдымен, бұл сыртқы белгісіздік, өйткені мұнай бағасы мен басқа тауарлардың бағасы әлі де құбылмалы», — деді Тимур Сүлейменов.
Ол қазір теңге бағамының жеткілікті тұрақты екенін айтты. Алайда мерзімінен бұрын оптимизмге берілуден сақтандырды: «Инфляция жеңілді, жұмыс аяқталды, енді босаңсуға болады деуге ешқашан болмайды. Инфляция факторлары әлі де жеткілікті көп. (...) Ақша-несие саясаты комитетінде шешімнің екі нұсқасы болды — сақтап қалу немесе 0,25-ке төмендету. Өте қызу пікірталас болды. Екі күн бойы талқыладық, комитет отырысы екі сессияға созылды. Сөйтіп, 0,25 пайыздық тармаққа сақтықпен төмендету туралы шешім қабылданды».


