
- 14 сәу. 2025 09:48
- 54
"Ұлымды қаралаудың қажеті жоқ" – Балғынбек Имашев ұлына қатысты дауға пікір білдірді
Ақын Балғынбек Имашев ұлы Данияр Имашевтың атына байланысты туған дауға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Айтуынша, қажылық сапарына бармақ болып алданып қалған азаматтардың қаражаты қайтарылып жатыр, деп хабарлады Nege.kz.
Алматыда белгілі айтыскердің ұлына қатысты "алаяқтық" бабы бойынша тергеу басталғаны бұған дейін белгілі болған еді. Данияр Имашев биыл қаңтардан бастап атқарушы директор ретінде қызмет атқарған компанияның жұмысына байланысты 50-ге жуық адам шағым түсірген. Олар қасиетті сапарға бару үшін қаражат төлеп, ақыры діттеген жерге жете алмай қалған.
Балғынбек Имашев бұл жағдайдың мән-жайын өзі түсіндіріп берді:
> "Ұлым – бұл компанияға жалдамалы қызметкер ретінде қаңтар айында ғана келген. Яғни, бар болғаны үш айдан бері сол орында жұмыс істеп келеді. Ол қаржылық мәселелерге жауапты емес. Алайда қоғамда «Балғынбектің баласы» деген желеумен дүрлігу басталып кетті. Иә, тәжірибесіздігі бар шығар, қателік те кеткен болар. Бірақ бұл – оны қасақана алаяқ қылды деген сөз емес. Ұлымды ғана емес, мені де түрлі айыптаулармен қаралап жатқандар бар", — деді ол ашына.
Ақынның айтуынша, шағымданушылар алдымен әлеуметтік желі арқылы мәселені көтеріп, тек содан кейін құқық қорғау органдарына жүгінген. Ал қазіргі таңда компания қажылыққа бара алмаған азаматтардың қаражатын қайтару жұмыстарын қолға алған.