
- 15 сәу. 2025 12:09
- 29
Ұлытау облысында қырылған киіктердің саны 14 мыңға жетті
Ұлытау облысында жаппай киік қырылуына байланысты жүргізіліп жатқан тазарту жұмыстары жалғасуда. Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдар мен еріктілер елді мекендерді және табиғи аумақтарды өлекселерден тазартып жатыр.
Қазіргі мәлімет бойынша, 14 мыңға жуық киіктің өлексесі жиналып, арнайы бөлінген орындарда жойылып жатыр. Табиғи апаттың салдарын жоюға 145 адам мен 67 техника жұмылдырылған.
Сонымен қатар, Кеңгір су қоймасында да өлекселерден тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын прокуратура ресми түрде хабарлады.
Мамандар қазіргі жағдайдың себептерін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Киіктердің жаппай қырылуы қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырып отыр.