Сербия президенті Александр Вучич мемлекет басшысы қызметінен кету туралы құжатқа қол қойды. Президент міндетін Халық скупщинасының төрағасы Ана Брнабич атқарады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Кеше кешке мемлекет басшысы әкімшілігінің алдына Вучичті қолдауға келген жақтастары жиналды. Ол жиналғандарға сөз сөйлеп, 2017 және 2022 жылдардағы президенттік сайлаулардағы жеңістері үшін алғыс айтты, содан кейін өзінің кететінін жариялады.
«Сербия Республикасы Конституциясының 116-бабының а5-тармағына сәйкес республика президенті қызметінен кетемін», — деді ол және тиісті құжатқа қол қойды.
Дүйсенбіде Вучич мемлекет басшысы міндетін атқарушы парламент төрағасы Ана Брнабичке өкілеттігін тапсырады. Желтоқсанның соңына дейін Сербияда президенттік сайлау өтуі тиіс.
DW хабарлауынша, қыркүйек басында Вучич Халық скупщинасын — елдің бір палаталы парламентін — таратып, 25 қазанға кезектен тыс сайлау тағайындағанын жариялаған. Сол кезде билеуші Сербия прогрессивтік партиясының (SNS) бас комитеті «Біріккен Сербия» тізімінің көшбасшысы Вучич болатынын растады. Жеңіс жағдайында ол премьер-министр қызметіне де кандидат болады.


