Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Видео монтаж жасауға арналған ең жақсы 6 бағдарлама

Егер сіз монтаж жасауды үйренуді бастасаңыз немесе үйренген білміңізді тәжірибе жүзінде байқап көру үшін жақсы видеоредактор іздеп жүрген болсаңыз, онда төмендегі бағдарламаларға назар аударып көріңіз.

1. Lightworks

Платформалар: Windows, macOS, Linux.

Бағасы: тегін немесе айына 8370 теңге шамасында.

Lightworks-ты жасап шығарушылар бұл бағдарламаны бәріне қолжетімді, кәсіби бейнередактор деп санайды. Сіз бұл бағдарламаны тегін пайдалана аласыз, бірақ, бейнежазбаңызды сақтауға арналған пішімдер мен рұқсаттардың саны шектеулі болады. Толық нұсқасын жазу үшін абоненттік төлем - айына 25 долларды құрайды.

Lightworks-тың негізгі ерекшеліктерінің бірі - жүзден аса әртүрлі эффектілер, бейне және аудионы кесуге арналған ыңғайлы құралдар, өлшемі кішірек және қарапайым интуитивті интерфейстің болуы. Егер сіз ағылшын тілін білсеңіз, өңдеуді игеру үшін жобаның ресми сайтынан пайдаланушылар форумы мен роликтерді үйрететін негізгі базаны қолдануыңызға болады.

www.lwks.com

2. Shotcut

Платформалар: Windows, macOS, Linux.

Бағасы: тегін.

Бастапқы ашық коды бар, тегін толыққанды бейнередактор. Shotcut әуесқой монтаждаушылар үшін қажет болуы мүмкін көптеген негізгі құралдар мен эффектілерді ұсынады. Одан бөлек, аталған бағдарлама көптеген форматтар түрін көтере алады.

Shotcut интерфейсін қарапайым деп санауға болмайды. Есесіне, сіз оны өз қалауыңыз бойынша, жұмыс терезесінде қажетті құралдарды қалдыру арқылы баптай аласыз.

Әлсіз машиналардың өзінде редактор жылдам жұмыс істейді. Сонымен қатар, Shotcut-та бағдарламаны орнатпай-ақ пайдалануға болатын портативті нұсқасы бар.

www.shotcut.org

3. Corel VideoStudio Pro X10

Платформа: Windows.

Бағасы: 36540 теңге шамасында, тегін сынақ нұсқасы бар.

VideoStudio Pro X10 — кәсіби бейнемонтаждауға арналған теңдессіз редактор. Бұл бағдарламаның ішінде 1500-ден астам әртүрлі эффектілер мен фильтрлер, бірнеше камералардан видеоларды біріктіруге арналған арнайы режим, кадрлық анимацияларды және қозғалысты қадағалауға арналған құралдар, сондай-ақ, тегін дыбыс кітапханасы бар.

Көрнекті интерфейс, шаблондар, қарапайым редакторлық принциптердің арқасында VideoStudio Pro X10 бағдарламасын жаңадан бастаушылардың өзі сәтті қолдана алады. Аталған бағдарламада 30 күндік сынақ нұсқасы бар және оны тегін қолданып көруге болады. 

www.videostudiopro.com

4. CyberLink PowerDirector 16 Ultra

Платформа: Windows.

Бағасы: 33115 теңге шамасында, тегін сынақ нұсқасы бар.

Бұл редактордың қауқары VideoStudio мүмкіндігінен төмен емес. Өзінің бәсекелесі сияқты PowerDirector те кәсіби мамандарға да, монтаждауды жаңадан үйренушілерге де жарамды. Сонымен қатар, бағдарлама барлық танымал редакторлардың форматтарын, эффектілердің ең бай арсеналын, құрал-саймандар мен өңдеу режимдерін қолдайды. Мысалы, PowerDirector бағдарламасында бейненің интеллектуалды түсін түзету режимі мен 360 градусқа арналған роликтерді монтаж жасауға арналған функциялары бар.

Айтулы бағдарламаның көмегімен сіз әртүрлі клиптерді берілген үлгіге сәйкес біріктіріп, немесе видео қатарларын екінші біреуіне біріктіруге болатын бейнеколлаждарды жасай аласыз. Ал, арнайы Storyboard Mode режимі жақындарыңыз бен достарыңызға арналған қарапайым, қысқа фильмдерді тез жасап шығаруға көмектеседі. CyberLink PowerDirector 16 Ultra бағдарламасын бір ай тегін пайдалануға болады.  

www.cyberlink.com

5. VEGAS Movie Studio

Платформа: Windows.

Бағасы: 16725 теңге шамасында, тегін сынақ нұсқасы бар.

VEGAS Movie Studio — бұл да мықты видеоредакторлардың бірі, алдын Sony Vegas деген атпен танымал болған. Movie Studio - әуесқой және кәсіби тапсырмалардың басым бөлігін орындауға қауқары жетеді. Пайдаланушының құзырына стильді эффектілер, кең таралған форматтарға қолдау көрсету, дыбыспен жұмыс істеудегі күшті құралдар және басқа да көптеген мүмкіндіктер ұсынылады.

Айта кеткен жөн, бұл бағдарлама PowerDirector және Corel VideoStudio сынды бәсекелестерінен функциялардың санымен артта қалады. Ол пайдаланушылардың қызығушылығын тудыратын 360 градустық роликтерді өңдеу және қозғалысыты қадағалау сияқты қызметтері жетіспейді. Бірақ, VEGAS Movie Studio арзанырақ. Қызығушылық танытушылар бағдарламаны бір ай тегін сынап көре алады.

www.vegascreativesoftware.com

6. Adobe Premiere Elements

Платформалар: Windows, macOS.

Бағасы: 26100 теңге шамасында, тегін сынақ нұсқасы бар.

Бұл қиын кәсіби тапсырмаларды орындауда ең тиімсіз бағдарлама болуы мүмкін. Бірақ, құрастырушылар Premiere Elements бағдарламасын қолдану арқылы жаңадан бастағандар үшін қысқа мерзім ішінде монтаж жасаудан ұста болуға мүмкіндік сыйлады. Өйткені бұл бағдарламада пайдаланушыға бейнематериалдармен жұмыс істеу негіздерін егжей-тегжейлі түсіндіретін қадамдық интерактивті нұсқаулықтары бар.

Premiere Elements-те ролик жасауға арналған үш режим бар. Біріншісі, ең жеңілдетілген түрі: сіз бастапқы бейнефайлдарды таңдайсыз да, әрмен қарай нұсқауларға ере отырып, қарапайым әрекеттерді орындайсыз. Сіз үшін қажетті көп нәрсені бағдарламаның өзі жасайтын болады. Екінші түрі - қосымша мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді және күрделі тапсырмалар үшін нұсқаулықтарды көрсетеді. Үшінші режим — ешқандай көмексіз әрекет ететін боласыз, яғни, редактор құралдарымен өзіңіз жұмыс істейсіз.

Қосымша білімді Adobe-тың білім базасынан немесе жоба форумында жинақтауға болады. Оқуға аса ынталы болмасаңыз да, Premiere Elements сізге сапасы кәсіби видеороликтерге жақын туындыны жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламада 30 күнік сынақ нұсқасы бар.

Мықты қолданушылар үшін Adobe монтаж жасауға қосымша құралдары бар Premiere Pro кәсіби видеоредакторын ұсынады.

www.adobe.com


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама