Қазақстанда WhatsApp мессенджерінің пайдаланушылары өз аккаунттарының жаппай бұғатталуына тап болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұғаттау туралы шағымдар тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа елдерінде де пайда болды. Threads әлеуметтік желісінде қазақстандықтар бұл мәселені белсенді түрде талқылап, бұғаттау ешқандай себепсіз жүріп жатқанын айтады.

Еrkoshtau есімді пайдаланушы былай деп жазды: «WhatsApp аккаунтымды 24 сағатқа жауып тастады. Ерекше ештеңе болған жоқ, мұндай жағдайға тап болғандар бар ма?» Тағы бір пайдаланушы Аizhalina таңғалып: «WhatsApp бұғаттауына кім тап болды? Қандай жағдайларда болады?? WhatsApp-та отырғанмын, жаңа контактіге смс жібердім. Сол кезде WhatsApp бұғатталды. Кім кездесті? Не істеу керек?» деп сұрайды. arailym_designer пайдаланушысы да: «Неге WhatsApp осылай бұғатталады? Мұндай бірінші рет болып тұр (тексеруге өтініш жібердім», — деп хабарлады.

Материал жарияланған кезде WhatsApp-қа иелік ететін Meta компаниясы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда TechCrunch порталы компания өкілінің пікірін алды: «Біз сервисімізді теріс пайдалануға тырысатындарды алдын алу және басқа пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аккаунттарды бұғаттау бойынша үнемі жұмыс істейміз. Кейде біз қателесеміз, ал егер бұл орын алса, адамдар чатта қайта сөйлесе алуы үшін жағдайды мүмкіндігінше тез түзетуге тырысамыз. Біз зардап шеккен аккаунттарды қалпына келтіру шараларын қабылдадық».