YouTube видеохостингі жаңа авторлар үшін Серіктестік бағдарламасының талаптарын қатаңдатады: 1 ақпаннан бастап қаралым санына қойылатын талап екі есе артады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жаңа саясатқа сәйкес, жарнамадан табыс алу үшін жаңа қатысушылар соңғы 12 айда ұзақ видеолардың 8000 сағат қаралымын жинауы керек, бұрынғы 4000 сағаттың орнына. Қысқа роликтер Shorts авторлары үшін біліктілік шегі 90 күнде 10 миллионнан 20 миллион қаралымға дейін көтеріледі. Жазылушылардың ең аз санына қойылатын талап өзгеріссіз қалады — кемінде 1000 адам.
Қазіргі қатысушыларға өзгерістер тікелей әсер етпейді, алайда монетизацияны сақтау үшін Shorts авторлары әр 90 күн сайын 10 миллион қаралым деңгейін ұстап тұруға мәжбүр болады. Сонымен қатар, сервис алты айдан астам контент жарияламаған аккаунттарды алып тастау құқығын өзіне қалдырады.
Компания жаңашылдықтарды белсенді авторларды қолдауға және Premium Lite жазылымының қолжетімділігін кеңейтуге ұмтылумен түсіндіреді. YouTube өкілдерінің пікірінше, ақылы пайдаланушылар санының артуы талаптардың қатаңдауын өтеп, кірісті тұрақты контент авторларының пайдасына қайта бөлуге мүмкіндік береді.


