Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Итмұрынның пайдасы

Итмұрын — лимонға қарағанда 60 есе артық С дәруменіне ие екендігін білесіз бе?

Күшті антиоксидант болып табылатын итмұрынның артықшылықтары мен пайдалары мұнымен тоқтамайды. С дәруменімен қоса А, В, Е, К дәрумендері және магний, темір секілді минералдары арқылы иммунитетті күшейтумен қатар, жүйке жүйесі мен жасуша жаңалануы тұрғысында пайдасы бар. Ас қорыту жұмысын жақсартады және іш қату мазасыздығы барларға табиғи шипа көзі болып табылады. Қандағы жаман холестерин мөлшерінің төмендеп, жақсы холестерин мөлшерін көтеретін итмұрын, жүрек пен қантамыр дерттеріне шипа болады. Құрамындағы К дәрумені арқылы қанның ұюын қамтамасыз етеді. Сол себепті қантамырлардың бітелуі, тромбоз секілді науқастардың аздап тұтынғаны абзал. Азықтардағы темірдің ағзаға сіңімділігін арттыратындықтан анемияға қарсы пайдасы бар. Құрамындағы каратиноидтар тобына жататын ликотин өз кезегінде катарактаның алдын алып, көз саулығына тиімді әсер етеді. Соңғы жылдардағы зерттеулер итмұрынның тізе буындарына тұз жиналуы, шеміршектердің қажалуы секілді дерттерге қарсы пайдалы екендігін көрсетуде.

Итмұрын тұнбасынан шай дайындау үшін 1 ас қасық итмұрын жемісіне 1 стақан қайнаған су құйып, 10 минут эмальді ыдыста қақпағы жабық күйде қайнатады. Мұндай шайды бір күн тұндырып қоюға да болады. Содан күніне дайын шайдан 1 стақаннан ішеді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті микроэлемент өте көп. Одан жасалған дәрілер адам ағзасы үшін өте қымбат дәрі-дәрмектің орнын алмастыра алады. Оған қоса бұл жидек сығындысы толық адамдарды жүрек талмасынан қорғайды. Жүрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдар итмұрын тұнбасын күніне 40 грамнан 6 апта бойы ішуі керек.

Оқуға кеңес береміз:

Барлық дертке дауа - итмұрын

Итмұрын қайнатпасы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама