Ресейлік актер Юра Борисовті «Оскар» сыйлығына қайта ұсыну жоспарланып отыр — бұл жолы «Жасанды интеллект» фильміндегі рөлі үшін, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ-тің Variety-ге сілтеме жасап хабарлауынша, Neon кинокомпаниясы Юра Борисовті «Үздік актер» санатында «Оскар» сыйлығына ұсынбақ. Лука Гуаданьиноның «Жасанды интеллект» фильмінде ол OpenAI компаниясының тең құрылтайшысы әрі бұрынғы бас ғылыми қызметкері Илья Суцкевердің рөлін сомдады.

Сонымен қатар OpenAI басшысы Сэм Альтманды ойнаған Эндрю Гарфилд «Үздік екінші пландағы актер» санатына ұсынылмақ. Осы санатта жасанды интеллект зерттеушісі Джеффри Хинтонның рөлін сомдаған Марк Райлэнсты да ұсынбақшы.

OpenAI компаниясының бұрынғы техникалық директоры Мира Муратидің рөлін ойнаған Моника Барбаро «Үздік екінші пландағы актриса» атағына таласа алады.

Айта кетейік, компания фильмді барлық номинация бойынша, соның ішінде «Үздік фильм», «Үздік режиссура» және актерлік санаттарда ұсынуды жоспарлап отыр. Ал Саймон Ричтің сценарийі «Үздік түпнұсқа сценарий» санатына ұсынылмақ.

Еске салайық, 2025 жылы Юра Борисов «Анора» фильміндегі рөлі үшін «Оскар» сыйлығына үміткер болған еді.