Атыраудағы резонансты істі қараған судья Зарема Хамидуллина үкім шығару кезінде күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды infohub.kz.
Бүгін Атырау соты өз әйелінің туыстарын өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиевке үкім шығарды. Кінәлі деп танылған ол өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Судья Зарема Хамидуллина үкім шығарылғаннан кейін соттың ұстанымын түсіндіріп, түсініктеме берді.
«Сотта айыпталушының анасы: "Менің ұлым Сәрсемәлиев бұл өмірде ешқандай қуаныш көрмеді" деді. Алайда сот бұған тоқталуға мәжбүр. Ал Наурыз бен Мейрамгүл өмірде қандай қуаныш көрді? Сіздер осы туралы ойладыңыздар ма? Екеуі де мүгедектікпен өмір сүрді. Екеуінің де өмірі ерекше қатыгездікпен үзілді. Олар енді ешқашан қуаныш көрмейді. Барлық армандары мен болашағы осы қылмыспен үзілді. Олардың ұрпағы да қалмады. Осыны да ойлаңыздар! Сот айыпталушының анасының "Менің ұлым ешқандай қуаныш көрмеді, бес баласын асырады, ауру әйеліне қарады" деген дәлелін айыпталушының әрекетін ақтайтын мән-жай ретінде қабылдамайды», — деді судья.


