Жамбыл облысында 18 жастағы жүкті қыз күйеуінің қатігездігінен зардап шекті. Оқиға зиратта болған, оған ер адам әйелін еріксіз алып келген. Бұл факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Threads әлеуметтік желісінде құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға сілтеме жасап хабарланғандай, ер адамның ашуының себебі — әйелінің рұқсатсыз үйден шығуы. Агрессор әйелін күшпен көлікке отырғызып, жол бойы басынан ұрып, зиратқа апарған.
Зиратта қорлық жалғасқан: ер адам телефонды тексеру үшін тартып алған, пышақпен қорқытқан, тұншықтырып, бетінен ұрған. Қорқыныш пен соққылардан қыздың суы бұзылып, толғағы басталған. Бірақ бұл күйеуін тоқтатпаған — ол оны бір сағаттан астам уақыт ұстап, әйелінің көз жасы мен азабы оны одан сайын ашуландыратынын айтқан.
NUR.KZ тілшісіне Жамбыл облыстық полиция департаментінде хабарлағандай, соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы Жамбыл облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.


