Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Хамза Шираздың олардың арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы пікіріне жауап берді, деп хабарлайды infohub.kz.
Бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Ширазды Әлімханұлыға қарсы атағын қорғауға міндеттеген еді. Қазақстандық ұйым рейтингінде екінші орында тұр. Британиялық бұл шешімді сынға алып, қазақстандыққа қатысты допинг оқиғасын еске салды.
Әлімханұлы өз кезегінде қазіргі чемпионды жекпе-жекке келісіп, рингте өз басымдығын дәлелдеуге шақырды.
«Неге ол жай ғана: "Кәне, төбелесейік!" демейді? Бұл — спорт! Егер өзіңді чемпионмын деп атасаң, соны дәлелде. Шығып, үздіктермен шайқас, бәріне шынайы кім екеніңді көрсет. Подкастта отырып, жылап-еңіреп жүрме — рингке шығып, төбелес!» — деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі X парақшасында.
Еске салайық, өткен жылдың желтоқсанында қазақстандық боксшы мельдонийге оң нәтиже бергеннен кейін бір жылға дисквалификацияланған еді. Алайда биыл жазда іс қайта қаралып, WBO Әлімханұлының дисквалификациясын мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Енді қазақстандық WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы титулға ресми үміткер болып табылады.


