Өмірдің асқынған қарқыны мен күнделікті стресстер бізді өз ағзамыздың сигналдарын елемеуге жиі мәжбүрлейді. Мінез-құлықтағы қандай өзгерістер алаңдатуы керек екенін медицина ғылымдарының докторы, MD, PhD Newcastle University, Алматыдағы Med space клиникасының невропатолог-иглорефлексотерапевті Әлия Сағындықова айтып берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Дәрігердің айтуынша, көпшілік денсаулықтың нашарлауын кәдімгі шаршаумен байланыстырып, ағзаның мүмкіндік шегінде жұмыс істей бастағанын байқамай қалады. Ал өзіңді тыңдап, мамандарға уақытында жүгіну өте маңызды.

Бірінші белгі — адамның ашушаң және шыдамсыз болуы. Оны жарқын жарық, қатты дыбыс, адам көптігі, жолдағы кептеліс және басқа да нәрселер тітіркендіреді.

Екінші белгі — зейіннің шашыраңқылығы мен ұмытшақтықтың пайда болуы. Мұндай күйде адам есіктің кілтін шығаруды ұмытып, жарықты өшірмей қоюы немесе басқа да осыған ұқсас қателіктер жіберуі мүмкін.

Үшінші белгі — қатты шаршау. Адам үнемі шаршағанды сезінеді: оянды, тұрды — әлдеқашан шаршап тұр. Қарапайым істі орындау үшін де ерік-жігерді жұмылдыру қажет, бұл өте қиынға соғады.

Дәрігер бұл белгілерді байқасаңыз, оларды елемеуге болмайтынын атап өтті, себебі бұл жүйке жүйесінің тозуға жұмыс істеп жатқанының алғашқы «қоңыраулары». Жағдайдың ушығып, ауыр неврологиялық ауруға ұласуына жол бермеңіз. Мұндай белгілер пайда болған кезде дереу невропатологқа қаралу керек.