Зинедин Зидан Францияның ерлер ұлттық футбол құрамасының жаңа бас бапкері болып ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды infohub.kz.

54 жастағы маманмен төрт жылдық келісімшарт жасалды. Ол 2012 жылдан бері команданы басқарып, оны әлем чемпионаты мен Ұлттар лигасында жеңіске жеткізген Дидье Дешамның орнына келді.

Ресми тұсаукесерден кейінгі баспасөз мәслихатында Зидан Дешам мен федерация басшылығына құрмет білдірді. «Мен Франция құрамасынан маңызды ештеңе жоқ деп жиі айтатынмын. Қазір оның бас бапкері болғаныма қатты қуанып, мақтанамын. Бірақ бұл үлкен жауапкершілік те», — деді ол.

Осылайша француз маманының бапкерлік мансабындағы бес жылдық үзіліс аяқталды. 2021 жылы ол мадридтік «Реалдан» кеткен болатын, бұған дейін команданы Чемпиондар лигасында үш рет жеңіске жеткізіп, басқа да жүлделерге қол жеткізген еді.

Ойыншы ретінде Зидан ұрпағының ең көп жүлделі футболшыларының біріне айналды. Ол Чемпиондар лигасында, әлем және Еуропа чемпионаттарында жеңіске жетті. 1998 жылы «Алтын доп» иеленді.