
2026 ж. 8 наурыз
Халықаралық әйелдер күні гүлдер, құттықтаулар мен жылы лебіздер мерекесі ретінде қабылданды. Алайда, бастапқыда оның мүлдем басқа мағынасы болған. "Tengri Life" бұл күннің қалай пайда болғанын, оның бастауында кімдер тұрғанын және неге 8 наурыз әйелдердің құқықтары үшін күресінің символына айналғанын баяндайды.

2026 ж. 8 наурыз
Енді алматылықтар мүгедектікті анықтау рәсіміне алдын ала онлайн жазыла алады. Бұл халыққа көрсетілетін қызметті жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге бағытталған маңызды қадам.

2026 ж. 8 наурыз
Бұл оқиға Біріккен Араб Әмірліктерінің Қорғаныс министрлігі ықтимал зымыран шабуылы туралы ескерткеннен кейін болды.

2026 ж. 8 наурыз
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина Димаш Құдайбергеннің әжесімен бірге түскен әсерлі видеоны жариялады. Видеода әже Аялека Қарақаттың қызына ақ батасын беріп, арнайы сыйлық табыстады.

2026 ж. 8 наурыз
Иранның Ислам революциясы сарбаздары корпусы (КСИР) Дубайдағы "Marina Tower" тұрғын үй кешеніне жасалған шабуылдың американ әскерилеріне бағытталғанын хабарлады.

2026 ж. 8 наурыз
Блогер Фариза Алмасқызының бұрынғы күйеуі, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты арызынан кейін актер желіде жазба қалдырды.

2026 ж. 8 наурыз
Журналист Жанар Байсеміз өзінің шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққаны туралы айтып, көпшіліктің пікіріне жауап берді.

2026 ж. 8 наурыз
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан мен оның енесі Жақсыгүл Жанықұлова алғаш рет бірге сұхбат беріп, отбасылық құндылықтар мен өзара сыйластық туралы ой бөлісті.

2026 ж. 8 наурыз
Танымал әншілер Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек Дубайдағы сапарындағы қауіпті жағдайды, одан кейін Оманға қашып, елге оралу жолындағы қиындықтарды баяндады.

2026 ж. 8 наурыз
Журналист Дина Төлепберген марқұм Жанар Хамитованың өміріне қатысты өкінішін білдірді. Ол эфирде тек көмекке мұқтаж болған сәтін көрсеткеніне алаңдайды.

2026 ж. 8 наурыз
Атырау қаласының автобус жүргізушілері жалақыларының уәде етілген сомадан төмен екенін айтып, әлеуметтік желіде видеоүндеу жолдады. Олар биылғы жылдан бастап зейнетақы мен медициналық сақтандыру жарналарының аударылмағанын да мәлімдеді.

2026 ж. 7 наурыз
Ұлытаулық Түймегүл Темірбаева 116 жасқа келіп, әлі де ширақ өмір сүріп жатыр. Ол ұзақ жасаудың сырын адал еңбек пен жақсы ниеттен көреді.

2026 ж. 7 наурыз
Астанада бірнеше күн бойы іздеуде болған 16 жастағы қыз бен 18 жастағы жігіттің орналасқан жері анықталды. Олар өз еріктерімен үйден кетіп, бірге болған.

2026 ж. 7 наурыз
Майра Құрманғалиева 2011 жылы Алматыдағы жылжымайтын мүліктерінің алдау жолымен иеленіп кеткенін айтып, шағымданды.

2026 ж. 7 наурыз
Алматыда жол бойына шырша отырғызу әдетке айналған, бірақ бұл ағаштардың көбісі өліп қалады. Экологтар мен мамандар мұндай әрекеттің тиімсіз екенін айтса да, қала билігі бұл әрекетін тоқтар емес.

2026 ж. 7 наурыз
Танымал ресейлік актриса Екатерина Ведунова мен оның қызы жол апатынан қаза тапты. Оқиға 4 наурызда Мордовияда болған.

2026 ж. 7 наурыз
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша, медицина қызметкерлеріне қол жұмсағандарға немесе оларға қысым көрсеткендерге қатысты жаза күшейтілді.

2026 ж. 7 наурыз
Иранның арнайы бөлімшесін басқарған генерал Исмаил Каанидің Израильге тыңшылық жасады деген күдікпен өлім жазасына кесілгені туралы ақпарат тарады. Бұл мәлімет әлі толық расталмаған.

2026 ж. 7 наурыз
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өмірлік серігінен айырылғаннан кейінгі қиын кезеңдері мен неліктен екінші рет тұрмысқа шықпағанын баяндады.

2026 ж. 7 наурыз
8 наурыз мерекесі қарсаңында студенттер, мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндерінің жақындарына жасаған ерекше сыйлықтары әлеуметтік желіде қызу талқыға түсуде.

2026 ж. 7 наурыз
Әнші Жазира Байырбекова Дубайдан елге оралғанда қарапайым жолаушылармен бірге ұшақта болмағаны үшін айтылған сынға жауап берді.

2026 ж. 7 наурыз
Маңғыстау облысында жер асты суларының көтерілуі салдарынан Атамекен ауылының тұрғындары үйлерін тастап кетуге мәжбүр болып отыр. Билік әзірге тек үш үйді ғана апатты деп таныды.

2026 ж. 7 наурыз
Бейнежазбада ұшқышсыз аппараттың жарылыспен құлағаны көрсетілген. Әуежай қауіпсіздік үшін уақытша жабылды.

2026 ж. 7 наурыз
2026 жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстанда жұмыс берушілер үшін жаңа жаза түрі енгізіледі. Еңбек шарттарын уақытылы тіркемеген немесе дұрыс емес ақпарат берген жағдайда айыппұл салынады.