28 қараша күні кешке Ақмола облысында бірден бірнеше төтенше жағдай тіркеліп, оларды жоюға құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасында мәлім еткендей, Есіл ауданында газ-ауа қоспасы жарылғаннан кейін контейнер өртенді. Құтқарушылар оның ішінен алты газ баллонын алып шықты.

Тағы бір оқиға Зеренді ауданындағы Азат ауылының маңында болды: газ баллонды жабдығы бар жүк көлігінің кабинасы өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері келгенге дейін өртті «Ауыл құтқарушылары» бөлімшелері мен элеватордың кәсіби өртке қарсы қызметі сөндірді.

Сонымен қатар Көкшетауда құтқарушылар монша кешенінің шатырын сөндірді. Өрт ауданы 100 шаршы метрді құрады. Өрттің алдын ала себебі ретінде жылыту пешін орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы аталып отыр.

Аталған үш оқиғаның ешқайсысында зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар азаматтарды, әсіресе жылыту маусымында, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.