Алматының Жетісу ауданында Шыршық көшесінде қызмет атқарған патрульдік полиция экипажы мінез-құлқы күдікті көрінген ер адамға назар аударды. Тексеру барысында ол өзінде есірткі заты бар екенін өзі айтып, оны тек жеке тұтыну үшін сақтап жүргенін сендіріп, есірткіге тәуелділігін алға тартты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Алайда Алматы полиция департаментінің мәліметінше, кейінгі тексеру мүлде басқа көріністі ашты. Келген тергеу-жедел тобы ұсталған адамның ұялы телефонын қарап шықты. Тексеру барысында оның есірткіні тайник арқылы таратуға қатысы болуы мүмкін екенін көрсететін деректер табылды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұсталғанға дейін ер адам кемінде он тайник жасап үлгерген. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.