Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары қараусыз қалған сөмкеге байланысты эвакуацияланды — дабыл жалған болып шықты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Оқу орнындағы эвакуация туралы ақпарат Threads әлеуметтік желісінде пайда болды. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне университет ғимаратынан қараусыз қалған сөмке табылғанын растады.
«Алғашқы ден қою шаралары аясында оқиға орнына қаланың жедел қызметтері дереу келді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оқушылар мен оқытушылар құрамы эвакуацияланды. Тексеру барысында сөмке студенттердің біріне тиесілі екені және ішінде оқу құралдары бар екені анықталды. Анықталған зат қауіп төндірмейтіні белгілі болды», — деп атап өтті полицияда.
Алматы полиция департаментінде азаматтарға сергектік танытқаны және қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ азаматтарға күдікті немесе қараусыз қалған заттарды байқаған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарлау және мұндай заттармен өз бетінше әрекет жасамау қажеттігі еске салынды.


