Алматы облысында жануарларға арналған Dog House «Твардовский дом» баспанасының негізін қалаушы Владимир Тепляковты өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.
Ведомство дерегінше, ер адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі полиция қызметкерлері осы жылдың 7 қазанында қозғаған. Жедел іздестіру шаралары барысында құқық қорғаушылар күдіктіні анықтап ұстады, қазір ол қамауға алынған.
«Тергеу аясында ұсталған адамның жасалған кісі өліміне қатысы тексеріліп, қылмыстық істі толық, жан-жақты және объективті зерттеу мақсатында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінде.
Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екені атап өтілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Бұған дейін, 3 қарашада kris.p.media Telegram-арнасы полиция Dog House «Твардовский дом» баспанасының негізін қалаушы Владимир Тепляковты өлтірді деген күдіктіні ұстағанын хабарлаған.
Еске салайық, 8 қазанда жануарларды құтқару баспанасы Dog House «Твардовский дом» иесі Владимир Тепляков қайтыс болған соң Алматы маңындағы далада 90 ит қалып қойғаны хабарланған. Кейін Алматы облысы полиция департаментінде баспана негізін қалаушының қаза болуының кейбір мән-жайы ашылды.
12 қазанда Алматы облысында Владимир Тепляков қаза болғаннан кейін Dog House баспанасындағы иттерге орын іздеу жалғасып жатқаны белгілі болды. Көмекке еріктілер, зоқорғаушылар және әкімдік қосылды.


