Алматы тұрғыны қала көшелерінің біріндегі көлік қозғалысын қиындатып, көліктердің жиналуына себеп болған шұңқырға назар аударды. «Алматы Су» компаниясы мердігер ұйымға нұсқама берілгенін хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.
Шақшақ Жәнібек көшесінің Коперник көшесімен қиылысындағы мәселе туралы Threads желісінде daulet_adam деген пайдаланушы жазды. Оның айтуынша, жаңбырдан кейін пайда болған шұңқыр қозғалысқа кедергі келтіріп, көліктердің кептелісін тудырып отыр. Ол «Алматы Су» уәде еткенімен, мәселенің әлі шешілмегенін атап өтіп, шұңқырды болмаса да уақытша көміп тастауды ұсынды.
«Алматы Су» бұл учаскеде су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілгенін түсіндірді. Жұмысты «RG Capital Invest» ЖШС мердігер ұйымы орындаған — ескі желілердің физикалық тозуына және Медеу ауданы тұрғындарын сенімді сумен жабдықтауды қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты.
Кәсіпорын жұмыс аяқталған соң асфальттың тиісті деңгейде қалпына келтірілмегенін мойындады.
«Жұмыс аяқталған соң асфальтбетон жабындысының тиісті деңгейде қалпына келтірілмеуі фактісі бойынша «RG Capital Invest» ЖШС мердігер ұйымына кепілдік міндеттемелер аясында ескертулерді жою туралы нұсқама жіберілді», — деп хабарлады «Алматы Су».
Мердігерге топырақты қабат-қабат тығыздай отырып, кері көму жұмыстарын қысқа мерзімде орындау және асфальтбетон жабындысын қалпына келтіріп, жүріс бөлігін бастапқы қалпына келтіру тапсырылғаны атап өтілді.
«Алматы Су» қалпына келтіру жұмыстарының барысы мен сапасы кәсіпорынның ерекше бақылауында екенін қосып, келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады.


