Алматыда 2026 жылғы 9 қазанда жылу беру маусымы басталады. Қала әкімдігі сегіз ауданның тұрғындары үшін ақау туындаған жағдайда хабарласатын жауапты мамандардың телефон нөмірлерін алдын ала жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Әкімдік баспасөз қызметінің нақтылауынша, жылу кезең-кезеңімен қосылады: алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандарға, содан кейін көппәтерлі үйлер мен басқа да ғимараттарға беріледі.

«Іске қосу кезеңінде сегіз ауданның әрқайсысында жауапты мамандар белгіленді. Жылу қосу және ақау шығу мәселелері бойынша тұрғындар карточкаларда көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласа алады», — деді әкімдікте.

Тікелей қоңырау шалудан бөлек, өтініштер көппәтерлі үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар, басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары және e-Otinish платформасы арқылы қабылданады. Әр ауданның телефон нөмірлері тіркелген жазбада жарияланған — оларды карусельді айналдырып көруге болады.

Бұған дейін Алматыда жылу беру маусымының басталу күні — 9 қазан, жұма екені хабарланған болатын. Алайда қала тұрғындарының үйлеріне жылу кейінірек келе бастайды. Тұрғындарға пәтерлердегі радиаторлар мен құлыптау арматурасының жарамдылығын алдын ала тексеру ұсынылды.