Ресейлік медиаменеджер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Давлетяров атамекенінде өзін қалай жылы қарсы алатыны туралы әсерімен бөлісті. Жақында ол Ақтөбеге барып, үлкен көрермен алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Давлетяровтың айтуынша, Ақтөбедегі кездесуден ол ерекше жылы естеліктермен қайтқан. «Үлкен зал, мыңнан астам адам, әрқайсысының өз тарихы, өз сұрағы бар. Мен сөйлесіп отырған адамдардың көзіне қарау, олардың жауабын есту, айтқан сөзім біреуге жақын екенін сезіну маған маңызды. Ондай сәттерде дайындағаныннан да көбірек бөліскің келеді: бірдеңе жеке басыңнан еске түседі, өзің бастан өткеріп, түсінгеніңді айтасың», — деп атап өтті ол.
Арман Илюбаевич Қазақстанда оны әрдайым қонақжай, жылы қарсы алатынын айтты. «Адамдар сыйлықпен келеді, жылы сөз айтады, мені өздерінің жақын туысындай қабылдайды. Саған қуанып, сені күткенін сезінесің. Мен бұл қарым-қатынасты қатты бағалаймын және әр жолы осындай ықыласқа әбден толқып қаламын. Осы үшін сіздерге рахмет! Менің де кездесуімізден адамдар өздеріне керекті бірдеңемен кеткенін, тәжірибем біреуге өз сұрағына жауап табуға немесе көптен кейінге қалдырған ісіне бел будыруға көмектескенін қалаймын», — деп жазды ол.
Instagram қолданушылары жазбаға жылы пікірлермен жауап берді. «Иә, мен сол күні залда болдым, шағын, бірақ өте жылы қаламызға келгеніңіз үшін рахмет», «Арман, сен қазақсың ғой — табыстысың, дәстүрді құрметтейсің, меніңше, бәрі сені бағалайды», «Керемет», — деп жазды олар.


