Танымал қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Еуропадағы супертурнирде антирекорд орнатты — спортшы қатарынан сегіз партияда жеңіліс тапты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Айта кетейік, Бибисара Будапешттегі Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінің бастапқы блиц сайысында сәтсіз өнер көрсетті. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтіп, оған 24 шахматшы қатысты. Олардың 22-сі ер адам, екеуі әйел.
Алғашқы алты турда қазақстандық үндістандық Рамешбабу Прагнанандхаға, америкалық Фабиано Каруанаға, әзірбайжандық Шахрияр Мамедьяровқа, нидерландылық Йорден ван Форестке, америкалық Уэсли Соға және өзбекстандық Нодирбек Абдусатторовқа жол берді. Жетінші турда ол вьетнамдық Ле Куанг Льемнен, сегізінші турда америкалық Эндрю Хонгтан ұтылды.
Жеңіліс сериясын тек қорытынды, тоғызыншы турда ғана үзуге мүмкіндік туды. Өкінішке қарай, бұл жолы да қазақстандық жеңіске жетпеді — партия тең аяқталды.
Сөйтіп, Асаубаева мүмкін болған тоғыз ұпайдың 0,5-ін ғана жинап, соңғы орынға тұрақтады.
Алда Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 қатысушыларын жарыстың келесі кезеңдері — рапид және классикалық шахмат турнирлері күтіп тұр.


