Астанада бес азамат түнгі уақытта қалалық мейрамханалардың бірінде тәртіпсіздік жасағаны үшін полиция ұстады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері астанадағы мейрамханалардың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзуды тоқтатты.
«Түн ортасында мейрамхана келушілерінің арасында ауызша жанжал туындап, кейін ол төбелеске ұласқаны анықталды. Олар өзін агрессивті ұстап, былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық орындағы тәртіп нормаларын бұзды. Сонымен қатар олардың барлығы мас күйінде болды», — деді полицияда.
Тексеру барысында полицейлер оқиғаға қатысқан бес адамның жеке басын анықтап, ұстады: 29 жастағы Е. Ж., 24 жастағы Қ. Б., 29 жастағы Р. Р., 43 жастағы А. Х. және 22 жастағы В. М.
«Барлық қатысушыға ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Сот шешімімен барлық қатысушы жауапкершілікке тартылды», — деді Полиция департаментінде.
Қызға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (86 500 теңге) салынды, үш қатысушыға 10 тәулікке әкімшілік қамау, тағы біреуіне 20 тәулікке әкімшілік қамау тағайындалды.
«Жалпыға бірдей қабылданған тәртіп нормаларын сақтаңыздар, айналаңыздағыларды сыйлаңыздар, агрессия мен арандатушылыққа жол бермеңіздер. Есіңізде болсын: заңды кез келген бұзушылық заңнамада көзделген шараларға әкеп соғады», — деп азаматтарға полицияда жүгінді.


