Әлемдік чартта Леди Гаганың хитін басып озған Homay әнімен танымал башқұрттың Ay Yola тобы «Нежность» әнінің өз нұсқасын жарыққа шығарды. Жаңа туындыны тыңдармандар жоғары бағалады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Композитор Александра Пахмутованың Николай Добронравов пен Сергей Гребенниковтің сөзіне жазған аңызға айналған әні алғаш рет 1965 жылы Майя Кристалинскаяның орындауында шырқалған. Енді ол жаңаша үн тапты: ұжым жазбаны екі мерейтойға арнады — биыл адамның ғарышқа алғаш ұшқанына 65 жыл, ал «Нежность» әнінің пластинкаға жазылғанына 60 жыл толады.

«Біздің «Нежность» нұсқамызды ресми премьераға дейін ең алғаш тыңдағандардың бірі Александра Николаевна Пахмутованың өзі болғаны біз үшін ерекше құнды. Өз нұсқамыз бен жұмыс істеп, қаншалықты жауапкершілік арқалап отырғанымызды түсіндік. Осы әнді сонша жыл бойы сүйдірген қасиеттердің бәрін сақтап қала отырып, оған өз үнімізді қосуды, заманауи музыкалық элементтерді башқұрт ұлттық аспаптарымен ұштастыруды қаладық», — делінген жарияланымда.

Әншілер өз орындауындағы әнді тыңдарман жүрегінен орын табады деп үміт білдірді. Жанкүйерлер топты премьерамен құттықтап, туындыға жоғары баға берді.

«Сендермен мақтанамын. Сендер кереметсіңдер», «Тыңдағанда денеңді шымырлатып, керемет әсер қалдырады. Таңғажайып, жанға жылы», «Өте нәзік әрі әдемі жұмыс — дауыс, берілуі мен визуалы таңдандырады», — деп жазады желі қолданушылары.