Екінші деңгейлі банктер ұсынып отырған жоғары сыйақы мөлшерлемелері мен тартымды шарттарының арқасында Қазақстанның депозит нарығы биыл тұрақты өсім көрсетті. Халық жинақ депозиттеріне де, шарттары неғұрлым икемді стандартты мерзімді салымдарға да ерекше сұраныс танытып отыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Депозиттерді кепілдендіру жүйесіне кіретін ел банктеріндегі мерзімді депозиттердің көлемі 1 қазанға шаққанда 27 трлн теңгеден асты, бір жылда 18,2%-ға, яғни 4 трлн теңгеден астамға өсті. Өсімге негізгі үлесті сектордың ірі қатысушылары қосты, бұл салымшылардың банк жүйесіне деген сенімін де көрсетеді. Мерзімді депозиттер нақты өнімнің шарттарына қарай ақшаны бірнеше айдан бір жыл және одан да ұзақ мерзімге орналастыруға мүмкіндік береді.
Халықтың мерзімді салымдары портфелінің ең үлкен өсімін Bank RBK көрсетті: бір жылда көрсеткіш 48%-ға, яғни 251,3 млрд теңгеге өсті. Бұл сектор бойынша орташа мәннен айтарлықтай жоғары. Екінші деңгейлі банктердің жалпы портфелі 774,8 млрд теңгеге жетті.
Bank RBK түрлі қаржылық мақсаттарға арналған бірнеше депозиттік өнім ұсынады. Мәселен, күн сайын капиталдандырылатын, кіру шегі төмен, еркін толықтыруға және қаражатты ішінара алуға мүмкіндік беретін Smart депозиті іске қосылды. Сонымен қатар клиенттерге толықтыру мүмкіндігі бар және сыйақы мөлшерлемесі 19%-ға дейін жететін DREAM жинақ депозиті қолжетімді.
Халықтың мерзімді салымдарының өсу қарқыны бойынша екінші орында Freedom Bank тұр: бір жылда депозиттер көлемі 41,8%-ға өсті. Үздік үштікті депозит сомасы 34,2%-ға өскен ForteBank түйіндеді. Алғашқы бестікке сондай-ақ Отбасы банк (плюс 33,2%) мен Home Credit Bank (плюс 25,8%) енді.
Сонымен қатар бірқатар банкте халықтың мерзімді депозиттерінің көлемі қысқарды. Теріс динамиканы Қазақстан Республикасының жеті екінші деңгейлі банкі көрсетті. Негізінен бұл шетелдік қаржы институттарының еншілес құрылымдары, алайда олардың қатарында ірі қазақстандық банктер де бар. Жалпы алғанда бір жылда бұл банктердегі мерзімді салымдардың көлемі 87,2 млрд теңгеге қысқарды.
Тұтастай алғанда депозит нарығы тұрақты қарқынмен өсуін жалғастырып отыр. Соңғы бір жылда мерзімді салымдар көлемі 18,2%-ға өссе, 5 жылда ол 2,5 еседен астамға өсті. Осы кезеңдегі орташа жылдық өсу қарқыны 21%-ды құрады, бұл нарықтың ұзақ мерзімді кеңеюін көрсетеді.
Осылайша, депозиттер халықтың жинақтарын сақтау мен молайтудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді. Салымшылардың қаражаты үшін жоғары бәсеке банктерді табыстылықты шарттардың икемділігімен ұштастыра отырып, неғұрлым алуан түрлі өнімдер ұсынуға ынталандырады. Болашақта бұл депозит нарығының одан әрі дамуына және халықтың ұзақ мерзімді жинақтарын қалыптастыру мүмкіндіктерінің кеңеюіне ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.1.821.135 лицензия, 15.07.2026 ж.


