Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар стационарларының толуына қандай да бір ерекше вирус емес, жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың маусымдық өсуі себеп болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұған дейін алматылықтар әлеуметтік желілерде қатты қызбен жүретін вирусқа шағымданған. Олардың айтуынша, вирус тек ересектерге ғана емес, балаларға да жұққан. Сонда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық ахуалға түсініктеме берген еді.

Сархат Бейсенованың айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Соңғы аптада Алматыда ЖРВИ-дің 16 841 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе төмен. Сонымен қатар тұмаудың 25 жағдайы тіркеліп, оның ішінде H1N1 типінің 3 жағдайы және В типті тұмаудың екі жағдайы бар.

«Әлеуметтік желілерде аталған ерекше вирус туралы және Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар стационарлары толып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Нақты ахуалды бағалау үшін Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілі мен қоғамдық кеңес өкілі балалар стационарларына барды. Барған соң видеожазбада көрсетілген жағдай ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық өсуіне байланысты екені және жылдың осы кезеңіне тән екені анықталды. Медициналық ұйымдар қалыпты режимде жұмыс істеп, халыққа қажетті медициналық көмек көрсетіп отыр», — деп қорытындылады ол.