Брэд Питт Леонардо Ди Каприоның 2019 жылы шыққан «Однажды в Голливуде» фильмінің жалғасы — The Further Mis-Adventures of Cliff Booth картинасында тіпті эпизодтық рөлге де түспейтінінің себептерін ашты. Бұл туралы актер The Hollywood Reporter басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жалғастың сюжеті бойынша Ди Каприоның кейіпкері — актер Рик Далтон қатты салмақ қосып алады, сол себепті каскадер Клифф Бут енді оның дублері бола алмайды. Ди Каприоның шағын камеосы үшін күрделі накладкалар мен екі апталық дайындық қажет болар еді, ал қысқа сахна үшін бұл ақталмайтын шығын болып шықты, деп жазады E! News.

Фильм жасаушылар актердің қатысуын ұзақ талқылағанымен, соңында бұл тым үлкен өтініш деген қорытындыға келді. Сонымен қатар Питт фильмде Ди Каприоның кейіпкеріне жылы сілтемелер қалғанын атап өтті. «Оскар» сыйлығының иегері бұған дейін картинаның шығуын асыға күтіп жүргенін және Дэвид Финчерді бұл тарих үшін таптырмас режиссер санайтынын мойындаған еді.

Квентин Тарантино жаңа жобада тек сценарист ретінде әрекет етіп, режиссерлік орынды Финчерге берді. The Further Mis-Adventures of Cliff Booth картинасының премьерасы IMAX кинотеатрларында 25 қарашада өтеді, ал 23 желтоқсанда фильм Netflix платформасында шығады.