Халықаралық футбол федерациясы 2025 жылы тағайындалған бейбітшілік сыйлығының тағдырын қайта қарастырмақ. Бұл сыйлықтың иегері АҚШ президенті Дональд Трамп болған еді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап еске салғандай, 2025 жылдың желтоқсанында АҚШ президенті Дональд Трамп Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) арнайы бейбітшілік сыйлығын алған тарихтағы тұңғыш адам атанды.

РБК дерегінше, марапат тапсырылғанға дейін бір ай бұрын — 2025 жылдың қарашасында тағайындалған. Федерацияны номинанттардың ашық тізімі мен ашық дауыс берудің жоқтығы үшін бірнеше рет сынға алған, ал сыйлықтың өзін Трамптың Нобель бейбітшілік сыйлығын ала алмауымен байланыстырған.

РИА Новости New York Times-қа сілтеме жасап хабарлағандай, ФИФА-ның екі жоғары лауазымды шенеунігі ұйым сыйлыққа деген көзқарасын қайта қарастырмақшы екенін мәлімдеді.

Қайта қарау бастамасы ұйым басшысы Джанни Инфантиноның жалғыз лауреат — АҚШ президенті Дональд Трамппен тығыз байланысына қатысты алаңдаушылықпен, сондай-ақ болашақта бұл марапатты кім қабылдайтынына деген күмәнмен байланысты. Сыйлықтан бас тартудан бөлек, ФИФА оның форматын өзгерту нұсқасын да қарастырып отыр.

Айта кетейік, ФИФА кеңесі 15 қазанда футболдағы әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі комитетке марапатты әрі қарай тапсырудың қажеті бар-жоғын зерттеуді тапсырған. Сонда федерация шешім кеңестің келесі отырысында қабылданатынын хабарлаған, ал БАҚ дерегінше, ол 15 желтоқсанда Катарда өтеді.