Қар, көктайғақ және бұрқасын жолда күтпеген жағдай туғызуы мүмкін, сондықтан қысқы сапарға алдын ала дайындалған жөн. Осындай ұсынымдарды қазақстандық жүргізушілерге Ішкі істер министрлігі берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ведомство түсіндіргендей, көлікте жылы киім мен көрпе болғаны жөн: олар көлікті тоқтатуға немесе көмек күтуге тура келсе, қажет болады.
«Сапарға шығар алдында телефонды толық зарядтап, қосымша қуаттағыш алып жүрген жөн. Қалташам қараңғы уақытта көлікті тексеруге немесе қажетті заттарды іздеуге пайдалы. Көлік қарға батып қалса, сүйреу арқаны мен күрек керек болуы мүмкін. Көлік әйнегін қар мен мұздан тазалау үшін арнайы щетка мен қырғыш болғаны жөн», — деп атап өтті Ішкі істер министрлігінде.
Сонымен қатар қажетті заттар тізіміне апаттық тоқтау белгісі мен жарық шағылыстыратын желеткі кіреді — олар жолда мәжбүрлі тоқтаған кезде басқа жүргізушілерді ескерту үшін қажет. Күтпеген жағдайларға дайын болу үшін дәрі қобдишасы мен өрт сөндіргіш болғаны жөн.
«Жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын, әсіресе тежегіш жүйесін, аккумуляторын, жарық құралдарын және қысқы шиналарын тексеріңіз. Ауа райы болжамымен және жол жағдайымен алдын ала танысып, қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты сақтаңыз. Бұрқасын күшейсе, сапарды кейінге қалдырған дұрыс», — деп қорытындылады Ішкі істер министрлігінде.
Төтенше жағдайларда ведомство «102» немесе «112» нөмірлеріне хабарласуға кеңес берді.


