Қарағанды облысында прокуратура қауіп тобындағы кәмелетке толмағандарды ерте анықтау тетігін енгізді. NUR.KZ-тің қадағалау органына сілтеме жасап хабарлауынша, оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқын ерте тану алгоритмі әзірленіп, іске қосылды. Ол балалардың мінез-құлқындағы алаңдатарлық белгілерді уақтылы байқап, олардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жаңа тәсілдің практикалық тиімділігін нақты жағдайлар дәлелдеді. Қыркүйекте Қарағандыдағы бір мектепте педагог-психолог отбасылық қолайсыздық пен балаларға қатыгездік жасаудың ықтимал белгілерін анықтады. Алгоритмге сәйкес жедел ден қоюдың арқасында ақпарат дереу мектеп әкімшілігіне жеткізілді. Тексеру барысында балалардың денесінде жарақаттар табылды.

Ұқсас жағдайды Қарқаралы ауданында сынып жетекшісі үш балаға қатысты анықтады. Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Жауапты органдарды уақтылы хабардар ету кәмелетке толмағандарды қорғау үшін қажетті шаралар қолдануға мүмкіндік берді», — деп атап өтті облыс прокуратурасында.

Онда Қарағанды облысының тәжірибесі оң баға алғанын, содан кейін алгоритм республика бойынша таратылғанын қосты.