2026 жылғы 5–8 қараша аралығында Қазақстанда Kaspi Жұма — тиімді сауданың жалпы халықтық мерекесі өтеді. Төрт күн бойы қазақстандықтарды 50%-ға дейінгі жеңілдіктер, жоғарылатылған Kaspi Бонустар және 24 айға дейінгі бөліп төлеу күтіп тұр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қазір бұрыннан жоспарлаған нәрсені сатып алуға ең қолайлы уақыт: қысқа гардеробты жаңарту, қысқы шиналар, тұрмыстық техника, электроника, жиһаз және тағы басқа көптеген тауарды алу. Бәлкім, саяхатқа шығарсыз?
Сатып алуды Kaspi.kz-тегі Дүкеннен, сондай-ақ бүкіл ел бойынша Kaspi QR қолдайтын дүкендер мен сауда орталықтарынан жасауға болады. Kaspi Travel арқылы шетелге тур немесе Қазақстанда демалысты таңдауға болады.
Kaspi Жұмаға қазақстандық кәсіпкерлер, өндірушілер және танымал әлемдік брендтер де дайындалып жатыр. Бизнес үшін бұл өз тауарларын миллиондаған сатып алушыға ұсынуға, жаңа клиенттер тартуға және сатылымды арттыруға мүмкіндік.
Акцияға танымал қазақстандық және әлемдік брендтер, дүкендер мен сауда желілері қатысады: Adidas, ADILI, EuroMebel, «Комфорт», «Мечта», Mon Amie, Pandora, Tommy Hilfiger, Calvin Klein, Diesel, Sulpak, Technodom, Zeta, 1Fit, COPA Store, L’Occitane, Intertop, «Белый ветер», Xiaomi, iSpase және тағы басқалары.
Kaspi.kz миссиясы — клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистер жасау. Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 млн-нан астам клиент пен 900 мың серіктес пайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдерді, электрондық коммерцияны, онлайн-супермаркетті, финтехті, саяхатты, хабарландыруларды, мемлекеттік қызметтерді және басқа да күнделікті сервистерді біріктіреді. Түркияда Kaspi.kz елдің жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі — Hepsiburada-ға иелік етеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020 жылы берген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаруға №1.2.245/61 лицензия.


