Қазақстанның ұлттық ерлер футбол құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип УЕФА Ұлттар лигасының қараша айындағы Молдова мен Словакияға қарсы матчтарына команданың түпкілікті құрамын анықтады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Тізімге 27 футболшы енді. Шақырту алған ойыншылардың қатарында Жұмаханов, Васильев және Тұяқбаев бар.
Қазақстан құрамасының толық құрамы:
Қақпашылар: Покатилов, Шайзада, Заруцкий.
Қорғаушылар: Қасым, Вороговский, Алип, Малый, Жұмаханов, Жағыпоров, Мрынский, Васильев, Әшірбек, Ерланов.
Жартылай қорғаушылар: Оразов, Қуат, Исламхан, Қараман, Әмір, Төлебай, Тапалов, Әбікен.
Шабуылшылар: Чесноков, Бекболат, Тұяқбаев, Кенжебек, Кәрімов, Самородов.
Қараша айында қазақстандық команда УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы екі қорытынды матчын өткізеді.
13 қарашада Джон ван ’т Схип шәкірттері сырт алаңда Молдова құрамасымен кездеседі. Ойын Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтіп, Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.
Қорытынды матчын ұлттық команда 16 қарашада Астанада өткізеді. «Астана Арена» стадионында Словакия құрамасын қабылдайды. Кездесу Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады деп жоспарланған.


