Актриса Кристина Риччи әйгілі әнші Шермен арасындағы бұрынғы реніштің сырын ашты. 46 жастағы өнер иесі бұл туралы Энди Коэннің Watch What Happens Live кешкі шоуында әңгімеледі, деп жазады Us Magazine порталы, хабарлайды infohub.kz сайты.

Екеуі 1990 жылы Mermaids драмасының түсірілімінде жақындасып, ана мен қыздың рөлін сомдаған еді. Жас Риччи тәлімгерімен көп уақыт өткізіп, тіпті репетиторлардан жасырынып, оның вагоншасында тығылып жүретін. Алайда кейін араларындағы түсініспеушіліктен достықтары үзіліп қалды.

Актрисаның айтуынша, ол 19 жаста болғанда Шер ол туралы жағымсыз пікір айтқан сұхбаты жарық көрген. Әнші дереу дауыстық хабарлама қалдырып, журналистер сөзін бұрмалап жеткізгенін айтып, кешірім сұраған. Жас Риччи сол кезде ренжіп, қайта хабарласпаған, осылайша әріптесін қатты қынжылтқан.

Жылдар өткен соң актриса қарым-қатынасты қалпына келтіруге тырысқан, бірақ жауап ретінде тек үнсіздікке тап болды. Сонымен қатар Риччи Шердің сезімін жақсы түсінетінін және оған мүлде өкпелемейтінін атап өтті. Әңгіме соңында ол камераға бұрылып, әншіге көпшілік алдында махаббатын білдірді.