Мао Цзэдун туралы сәтсіз әзіл француз шабуылшысы Килиан Мбаппеге бірнеше қытай компаниясымен жарнамалық қатынастарының үзілуіне әкеп соқты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Мадридтің «Реалы» ойыншысы қытайлық Eastroc Beverage және Mengniu Dairy компанияларымен ынтымақтастығын тоқтатты. Бұған оның Қытайдың бұрынғы көшбасшысы Мао Цзэдун туралы айтқан сөздері себеп болды, деп жазады «Известия» қытайлық Jiefang Daily газетіне сілтеме жасап.

Қатынастардың тоқтатылғаны туралы алғашқылардың бірі болып Dongpeng Beverage Group мәлімдеді. «Dongpeng Beverage Group компаниясы Килиан Мбаппемен ынтымақтастықты тоқтату туралы мәлімдеме жариялады», — делінген жарияланымда.

Компания ұлттық сезімге тиетін кез келген әрекетке қарсы екенін атап өтіп, мұндай мінез-құлыққа мүлдем төзбейтінін мәлімдеді. Eastroc тобына кіретін Bushu La электролиттік сусындар бренді де дәл осындай шешім қабылдады.

Жанжалға футболшының сүйікті интернет-мемдері туралы айтқан сұхбаты себеп болды. Қытай БАҚ-ы атап өткендей, оның кейбір пікірлері Қытайға қатысты қорлау ретінде қабылданды. Мбаппе өзінің сүйікті мемі — графикалық редактормен өңделіп, қандай да бір «қытай диктаторының» бетіне салынған өз бет-бейнесі екенін айтқан.