METRO сауда желісі Қазақстанның төрт қаласында — Қарағанды, Павлодар, Өскемен және Шымкентте 70%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатылым бастады. Акция компанияның елдегі дүкендерін кезең-кезеңімен жабуына байланысты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Компания мәлімдегендей, Астана мен Алматыда сатылымдар кейінірек басталады — олардың басталу мерзімін желі қосымша хабарлайды.
Акциялық тауарлардың ассортименті апта сайын жаңарып отырады: сатып алушыларға әр аптада 70%-ға дейінгі жеңілдікпен жаңа позициялар ұсынылады. Сауда желісі акциядағы тауарлар саны шектеулі екенін, ал нақты позициялардың болуы қала мен дүкенге байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
«Біз үшін өтпелі кезең бойы клиенттерге сапалы қызмет көрсетуді жалғастыру және оларға тартымды шарттар ұсыну маңызды. Аймақтардағы сатылым осы жұмыстың бір бөлігі болады, ал жаңа ұсыныстар апта сайын пайда болады», — деді METRO Қазақстанның бас директоры Месут Догукан.
Сатылымдар тиісті дүкендер жабылғанға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Жеңілдіктер мен тауарлардың болуы туралы shop.metro-kz.com сайтынан білуге болады. Сайтқа кіргенде нақты дүкенге арналған өзекті ассортимент пен ұсыныстарды көру үшін өз қалаңызды таңдау қажет.
Компания 2027 жылдың наурызына дейін желі дүкендері кезең-кезеңімен жабылатынын, ал жабылғанға дейін желі клиенттерге қызмет көрсетуді жалғастыратынын еске салды.
Еске салайық, қазан айының басында неміс көтерме сауда желісі METRO 16 жыл жұмыс істегеннен кейін Қазақстаннан кететіні белгілі болды. Компания 2027 жылдың наурызына дейін алты дүкенін жабады.


