Америкалық актер Мэттью Макконахи 2028 жылы АҚШ президенттігі үшін күресуі мүмкін. Бұл болжамды The Hill басылымы жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жариялым — 2028 жылы жоғары мемлекеттік лауазымға тәуелсіз кандидат ретінде үміткер бола алатын танымал тұлғалардың тізімі. Бұл тізімде «Оскар» сыйлығының иегері Мэттью Макконахи да бар.

Материалда «атақты адамдарға саясат әлемі жат емес» деп атап өтілген, ал Ақ үйдің қазіргі басшысы Дональд Трамп бұған дейін «реалити-шоудан президенттікке көшкен».

Басылымның мәліметінше, Макконахидің Голливудтан саясатқа кетуі туралы болжамдар «Интерстеллар» фильмінің жұлдызы аралық сайлау алдында бейнеүндеу жариялағаннан кейін пайда болды. Онда актер тәуелсіз кандидаттар заң шығарушыларды «америкалық құндылықтардың басым бөлігі шоғырланған орталыққа» қайтара алатынын мәлімдеді.

«Сондықтан тәуелсіз кандидаттар күреске қатысуы керек — наразылық белгісі ретінде емес, деструктивті фактор ретінде емес, сайлау бюллетеніне енгізілуі тиіс және біз оларды байыппен қарастыратын нақты әрі әлеуетті жеңімпаздар ретінде», — деді Макконахи.

The Hill бұл мәлімдемені актердің саяси жоспарларына ықтимал ишара деп бағалады.