Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Атыраудағы концерт барысында көрермендердің біріне өзінің күннен қорғайтын көзілдірігін сыйлады. Қыз кумирінің сыйын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қара көзілдірік Қайрат Нұртастың сахналық бейнесінің ажырамас бөлігіне айналғалы қашан. 22 қарашада 37 жастағы әртіс Атырауда лық толы залға концерт берді. Өнер көрсету барысында әнші залдан бір қызды сахнаға шақырып, оған өзінің Louis Vuitton көзілдірігін тарту етті.

«Көзілдірік менде. Әлі күнге сенер емеспін», — деп эмоциясымен бөлісті Қайрат Нұртастың жанкүйері TikTok-та @ssamantaa20 деген никпен бейнежазба жариялап.

Әлеуметтік желі қолданушылары әртістің бұл қадамына үн қатты: «Неге екенін білмеймін, бірақ сіз үшін қатты қуанып отырмын, ақ көңілмен қызғанып қоямын», «Қандай керемет! Армандар орындалады екен», «Ол қандай қарапайым және кішіпейіл», «Қайрат халыққа әрдайым жақын», «Сіз оны құшақтағанда мен жылап жібердім».

Кейінірек қыз көзілдірікті үйінде киіп көрді. TikTok-та былай деп жазды: «Оны ешкімге сатпаңыз», «Мен оны сізден сатып алар едім», «Мен онымен ұйықтап та жүрер едім».