Қазақстан Сыртқы істер министрлігі соғыс аймағында жүрген республика азаматтарының өтініштерімен жұмысты жалғастырып, оларды Отанға қайтару туралы келіссөз жүргізуде, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Письма президенту» Telegram-парақшасында 19 жастағы жігіттің бейнеөтініші жарияланды. Ол бұған дейінгі өтінішінен кейін Қазақстанға қайтаруға уәде етілген көмекті 10 күн күтіп жүргенін мәлімдеді.
Жігіттің айтуынша, мәселе әлі шешілмеген. Ол сондай-ақ оларды соғысқа жібере бастағанын айтады.
NUR.KZ тілшісіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ведомство соғыс аймағында жүрген қазақстандықтардың өтініштерімен жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады.
«Әлеуметтік желілерде бейнеөтініш жариялаған азаматтарға қатысты қажетті шаралар қазірдің өзінде қолданылуда. Оларды Отанға қайтару бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жедел желіге өтініштер түсуін жалғастыруда. Олардың әрқайсысы бойынша ақпарат тексерілуде. Тексеру аяқталған соң жасақталған тізім ресейлік тарапқа жіберіледі. ҚР СІМ осы мәселе бойынша ресейлік тараппен әртүрлі деңгейде тұрақты өзара іс-қимылды жалғастыруда», — деп атап өтті ведомствода.
Еске салайық, бұған дейін желіде Ресейдегі соғыс аймағына алдау арқылы тап болғанын айтқан қазақстандықтардың өтініші жарияланған болатын.
Кейінірек СІМ БАҚ-та жарияланған ҚР азаматтарының Отанға қайтаруға жәрдем көрсету туралы өтініштеріне түсініктеме берді.


