Қазақстандағы валюталық саудада бағам тренді қайта өзгерді: американдық доллар құнсызданып, ұлттық валюта нығайып келеді. Еуро да арзандады. Бұған дейінгі ауытқуларды ескерсек, нарықтағы құбылмалылық сақталып отыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қазақстан қор биржасының (KASE) дерегінше, дүйсенбіде, 12 қазандағы сауда барысында сағат 15:30-дағы доллардың орташа өлшенген бағамы 451,31 теңге болып, 2,65 теңгеге төмендеді.
Еуро да құнынан айырылды — 504,72 теңге (-4,98 теңге). Айта кету керек, сауда 17:00-де жабылғанда валюта бағамдары өзгеруі мүмкін.
Ал 15:30-дағы жағдай бойынша мегаполистердегі айырбастау пункттері Kurs.kz порталының дерегінше қолма-қол долларға мынадай баға қойды:
Астана: сатып алу — 447-ден 449 теңгеге дейін, сату — 454-тен 456 теңгеге дейін;
Алматы: сатып алу — 445-тен 451 теңгеге дейін, сату — 450,9-дан 452 теңгеге дейін;
Шымкент: сатып алу — 449,5-тен 451 теңгеге дейін, сату — 451,5-тен 453 теңгеге дейін.
Еуро да арзандағандықтан, айырбастау пункттері оның бағасын да түзетті:
Астана: сатып алу — 500-ден 502 теңгеге дейін, сату — 510-нан 512 теңгеге дейін;
Алматы: сатып алу — 498,5-тен 506,5 теңгеге дейін, сату — 506,7-ден 512 теңгеге дейін;
Шымкент: сатып алу — 500-ден 507 теңгеге дейін, сату — 507-ден 515 теңгеге дейін.
Нақты бағалар, жеңілдіктер және тұрмыстық экономика туралы көбірек білу үшін «Цены от Екатерины Сохаревой» Telegram-арнасын оқыңыз. Жазылуды сілтеме арқылы жасауға болады.


