Осы аптаның ортасында теңге қайтадан әлсірей бастады: Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 450,62 теңгені құрап, бір тәулікте 2 теңгеге өсті, ал еуро 3 теңгеден астамға қымбаттап, 505,16 теңгеге жетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Еске салайық, апта басында Қазақстанда доллар бағамы белсенді түрде төмендеген еді, алайда аптаның ортасына қарай теңге әлсіреуге көшті.
Kurs.kz порталының деректеріне сәйкес, елдің ірі қалаларындағы айырбастау пункттері 15:30-дағы жағдай бойынша қолма-қол долларды сатып алу және сату бағамдарын былайша белгіледі:
Астана: сатып алу — 447 теңге, сату — 454 теңге;
Алматы: сатып алу — 446,1-ден 452 теңгеге дейін, сату — 452-ден 453,5 теңгеге дейін;
Шымкент: сатып алу — 450,5-тен 451,5 теңгеге дейін, сату — 452,5-тен 453 теңгеге дейін.
Бір тәулікте еуро да 3 теңгеден астамға қымбаттады. Оның бүгінгі 15:30-дағы орташа өлшенген бағамы 505,16 теңгені құрайды.
Ал елдегі айырбастау пункттері қолма-қол еуроны сатып алу және сату бағамдарын былайша белгіледі:
Астана: сатып алу — 500 теңге, сату — 510 теңге;
Алматы: сатып алу — 497-ден 504,5 теңгеге дейін, сату — 505-тен 508 теңгеге дейін;
Шымкент: сатып алу — 498-ден 504,5 теңгеге дейін, сату — 506-дан 508 теңгеге дейін.
Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің икемді бағамдық режимін ұстануды жалғастыратынын жазған болатынбыз. Бұл режим экономикаға сыртқы өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік беріп, макроэкономикалық теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды.


