Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында ресми сапармен келген Иордания Хашимит Корольдігінің королі Абдалла II бен әл-Хусейнді қарсы алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Салтанатты қарсы алу рәсімі аясында ұшу алаңында құрмет қарауылы ротасы сапқа тұрғызылды.

Иордания королі Қазақстанда 5–6 қараша аралығында болады. Бұған дейін баспасөз қызметі жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланатынын мәлімдеген еді.

Еске салайық, 6 қарашада Астанада бірқатар мемлекет басшыларының қатысуымен Ақаба процесінің саммиті өтеді. Осыған байланысты Иордания королі мен Тәжікстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруын қабыл алып, Қазақстанға сапарын растады.