АҚШ президенті Дональд Трамп SpaceX негізін қалаушы Илон Маскты қорғайтынын мәлімдеді. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Bloomberg агенттігіне сілтеме жасаған РБК-нің жазуынша, Ақ үй басшысы былай деп атап өтті: «Қажет болса, әрине. Мен тіпті ойланып та жатпас едім».

Трамп АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден қызметінен кетер алдында ұлы Хантерді, сондай-ақ жаңа әкімшіліктің қарсы әрекетіне ұшырауы мүмкін деп есептеген бірнеше әкімшілік өкілін кешіргенін еске салды.

Бұған дейін Politico басылымы АҚШ Демократиялық партиясының басшылығы партия Конгресстегі аралық сайлауда жеңіске жетсе, Илон Маскқа қатысты тергеу бастауды жоспарлап отырғанын хабарлаған. Тергеу Starlink-тің Украинадағы жұмысын шектеуге, сондай-ақ кәсіпкердің DOGE басшысы ретіндегі қызметіне қатысты болуы мүмкін екені нақтыланады.