Дональд Трамп НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бірлескен мәлімдемені біржақты өзгертті. Бұл туралы Politico басылымы хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.
Басылымның дерегінше, осылайша Ақ үйдің иесі Флоридадағы кездесуден кейін НАТО бас хатшысы Рюттеге «тосын сый» жасаған.
Мар-а-Лагода олар Ресейдің соғысты әдейі немесе абайламай кеңейтуге әкелуі мүмкін ешқандай әрекетке бармауының маңыздылығын, сондай-ақ қақтығысты мүмкіндігінше қысқа мерзімде бейбіт жолмен реттеуге қол жеткізудің маңыздылығын талқылаған.
Тиісті мәлімдеме НАТО сайтында жарияланған.
Алайда бірнеше сағаттан кейін Ақ үйдің иесі Truth Social-да өзгертілген мәлімдеме жариялады. Ол Украинаны да атап өтіп, мұндай әрекеттерден «Ресей мен Украина» да аулақ болуы керегін жазды.
Осы нәзік мәселе жөнінде еркін сөйлеу үшін есімін жасырған НАТО өкілі алғашқы мәтін екі тараппен ресми түрде келісілгенін мәлімдеді. Басылым бұл кейінірек Трамптың мәлімдеме тұжырымын біржақты өзгерткенін көрсететінін жазады.
Басылым Ақ үй бұл жағдайға әзірге ешқандай түсініктеме бермегенін атап өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Рюттемен кездесу қорытындысы бойынша мәлімдеме жасаған.


