Аралас жекпе-жек (ММА) шебері, чехиялық Иржи Прохазка Катарда өткен UFC Fight Night турнирінде жаңа зеландиялық Навахо Стирлингтен жеңіліс тапты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Олардың жекпе-жегі Дохадағы шоудың басты бәсекесі болды. Турнир алдында Прохазка жартылай ауыр салмақ (93 келіге дейін) рейтингінде екінші орында, ал Стирлинг бесінші орында тұрған.
Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған, алайда мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші раундтың соңында Стирлинг қарсыласының басына оң қолымен қатты соққы жасап, оны сенделтті. Төреші үзіліске екі секунд қалғанда нокаутты тіркеді.
Прохазка қатарынан екінші рет жеңілді. Өткен жекпе-жегінде ол чемпиондық белбеу үшін шаршыға шығып, жаңа зеландиялық Карлос Ольбергке есе жіберген. Бұған дейін чех UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы титулын иеленіп, жарақатына байланысты одан бас тартқан. Енді Прохазканың есебінде 32 жеңіс, жеті жеңіліс және бір тең ойын бар.
Ал Стирлинг мансабындағы 12 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. UFC аясында жаңа зеландиялық жеті жеңіс тіркеді.
Катардағы турнирдің басты бәсекелерінің бірінде промоушеннің тағы бір экс-чемпионы — америкалық Алджамейн Стерлинг жеңілді. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ол аргентиналық Кевин Вальехосқа есе жіберді (27:30, 27:30, 28:29). Турнир алдында АҚШ өкілі жартылай жеңіл салмақ (65,7 келіге дейін) рейтингінде төртінші орында, ал қарсыласы тоғызыншы орында болған. Бұған дейін Стерлинг жеңіл салмақтағы белбеуді иеленген.


