Үкіметтегі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Фархат Сарсекеевтен қазақстандық өнімнен тігілген киім киетін-киметінін сұрады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Сұраққа жауап берген вице-министр Олжас Сапарбеков Қазақстанда мақта-мата кластері жүзеге асырылып, мақта-мата өндірілетінін атап өтті. Алайда оның айтуынша, аралас және жүн маталарға қатысты мәселелер бар: өкінішке орай, олар өндірілмейді.

«Мен қазір 100% Қазақстанда тігілген костюм киіп жүрмін деп айтсам, қателестіремін. Иә, мата импорттық, келісемін, бірақ ол Қазақстан Республикасында тігілген. Бағасы — 100 мың теңге шамасында», — деді Олжас Сапарбеков.

Ол аяқ киімінің импорттық екенін, ал қалған аксессуарларының «ішінара импорттық» екенін қосты.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Фархат Сарсекеев өз кезегінде Астанада жыл сайын «Ұлттық өнім» көрмесі өтетінін, ал өзі көрмеден кейін «Қазақстандық өнімді сатып ал» челленджін бастағанын айтты.

«Бізде шынымен де қазақстандық киім өндіретін жақсы кәсіпорындар бар. Мысалы, қызылордалық «Далатекс» жейделері, қарағандылық Neyches Boots аяқ киімі, Көкшетауда — Albe аяқ киімі, галстук шығаратын «Адели», «Арғымақ» және т.б. Мен олардың өнімдерін мезгіл-мезгіл сатып аламын. Ол сапалы, шынымен де. Менің галстугім қазақстандық — 40 мың теңге. Қарағандылық аяқ киім — 60 мың теңге шамасында. Олар Мәңгілік ел даңғылында бар», — деп жауап берді қор басшысы.

Өнеркәсіп вице-министрі өзінің де осындай аяқ киімі бар екенін қосты.