Жамбыл облысында жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаннан кейін ғана ол 1,7 млн теңге көлеміндегі алимент қарызын толық өтеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ-нің облыс прокуратурасына сілтеме жасап хабарлауынша, баланы асырау жөніндегі міндеттемелерді ұзақ уақыт орындамау фактісін Шу ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында анықтаған.

2024 жылдан бастап азаматтың 1,7 млн теңге көлемінде алимент қарызы қалыптасқаны белгілі болды. Борышкердің өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болғанымен, қарызды өтеу үшін қажетті шараларды қолданбаған.

Аудан прокуратурасының бастамасымен 2026 жылдың тамызында борышкерге қатысты алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында ер адам кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп, қарызды толық өтеді, сондай-ақ бұдан былай алиментті уақытында төлеуге міндеттенді.

Қарыздың толық өтелуіне, тараптардың татуласуына және жәбірленуші тарапынан талап-арыздың болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылды.