Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Бірлесу-Еңбек ауылында 31 қазан күні кешке кәмелетке толмағандар арасында қақтығыс болып, оның біреуі ауруханаға жатқызылды әрі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Оқиға жөнінде алғаш болып Halyqstan Telegram-арнасы мәлім етті. Зардап шеккен жасөспірімнің туыстарының айтуынша, ол кездесуге кешіккені үшін соққы алған. Олардың сөзінше, ауылда бейресми иерархия бар: үлкендер кішілерге тапсырма жүктеп, олардан ақша жинайды, ал бағынбаған немесе кездесуге кешіккен адамды жазалайды. Бұл нұсқа әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Жамбыл облысы полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. «Алдын ала анықталғандай, бұрын таныс екі кәмелетке толмаған жасөспірімнің арасында қақтығыс болған. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаға қатысқандардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу жалғасуда. Сондай-ақ қарақшылық фактілері туралы дәйектер де тексерілуде», — деп мәлімдеді департаментте.
Тергеу барысы Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.


