Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
1 наурыз-Алғыс айту күніне арналған сценарий

1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған тәрбиелік шара

Тақырыбы: «Алғысым шексіз...»
Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
-"алғыс күні"ұғымының мағынасын ашу, балалардың түсіну, бұл ұғымдар маңызды болып табылады олардың әрқайсысы дамыту үшін мәдени құндылықтар мен адами қарым - қатынасын қалыптастыру;
Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекіліктері: түрлі – түсті қарындаштар, ребустар, түрлі – түсті қағаздар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Ризашылық өлеңін оқу
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Спасибо за сегодня
Спасибо за сегодня
Спасибо за сегодня
Спасибо за сейчас
Спасибо Спасибо Спасибо Спасибо за сегодня 2 - рет
Спасибо Спасибо Спасибо Спасибо за сейчас
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленбек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды.
ІІ. Кіріспе.
Тақырыптың мақсатын түсіндіру.
Әңгімелесу
Ризашылық дегеніміз не?
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты.
1 "Ризашылығымызды білдіре аламыз ба?"
1. Рахмет айту туған жерге...( ол береді маған нан, үй, азық - түлік және т. б.)
2. Рахмет айту еліміздің Президентіне, өйткені... (осындай елбасымыздың арқасында дамушы мемлекетте өмір сүріп жатқанымызға және тату - тәтті бейбітшілік өмір сүріп жатқанымызға)
3. Біз алғысымызды ата - аналарға айтқымыз келеді...
 4. Рахмет айту біздің ұстаздар мен қызметкерлерге...
 5. Рахмет айту адамдарға достарыңызға...
2 «Жұмбақтарды шеш»
1. Шаңырақ – күн,
Уықтары - нұр, шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Елтаңба)
2. Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде,
Адам оны жоғалтқан. (Отан)
3. Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,
Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең,
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)
4. Егіз қайың,
Бой - бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес - бестен. (Қол)
5. Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)

3 «Ребустарды шеш»

(Айгүл)
(Алмагүл)
(Ботакөз)
(Алтын)
(қарға)
(Тон)
(лақ)
(қазақ)

Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңін оқып беру.
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
«Рахмет» деу керек.

- Балалар жүр көшеде
Естіледі айқай - шу.
Сен де шықтың көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
«Кешіріңіз» деу керек.

- Әжең сенің түскі асқа
Қант - кәмпит салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа
Өз бетіңмен салдың қол.
Жөн еді не айтқаның?
«Рұқсат па» деу керек.

- Добын апар Назардың
Деді ағаң, бармадың.
Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың.
Сен қай сөзді айтпадың?
«жарайды» деу керек.

Қорытындылау
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
«Күншуақ» ойынын ойнату. Әр балаға күннің шуақтарын береді. Балалар жақсы тілектерін айтып күнге жапсырады.
Бүгінгі іс - шара сендерге ұнады ма?
Осы іс – шарадан өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?
Осы іс – шарадан кейін қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерді ме? Өзгерсе қалай?

You Might Also Like

Новости

Реклама