Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
25 Мамыр - Мектеп бітіруші түлекке құттықтау тілек | 11 сынып, 9 сынып - Соңғы қоңырау

25 Мамыр - Мектеп бітіруші түлекке құттықтау тілек | 11 сынып, 9 сынып - Соңғы қоңырау

Құрметті мектеп бітіруші түлек!

Сіз үшін бұл күн ерекше әрі маңызды. Бүгінгі күні сіз өзіңіздің мектептен ұшқалы тұрсыз. Алғашқы қадамдарыңызды жасаған, білім мен тәрбие жинаған мекеніңізден ұшып кетудің уақыты келді. Бірнеше жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап, алғашқы ұстазыңызбен жүздескен сәттен бастап, сіздің білім жолыңыз басталды. Бүгін осы мектептен жинаған білім мен тәрбиенің арқасында үлкен өмірге қадам басқалы тұрсыз.

Мектеп сізге білім беріп қана қоймай, сізді тәрбиелеп, өмірлік жолдама берді. Ұстаздарыңыздың барлығы сіздің бүгінгі жетістіктеріңізге қуанып, болашақта да биіктерден көрінетініңізге сенімді. Абай атамыз айтқандай, "бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық болыңыз." Бүгінгі соңғы қоңырау сіздің балалық шағыңыздың артта қалып, жаңа жауапкершіліктерге толы өмірге қадам басуыңызды білдіреді. Алда сізді білім мен білік, батылдық табыстырады деп сенеміз.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және түлектер!

Соңғы қоңырау мерекесі – ұстаздар мен оқушылар үшін ерекше күн. Бұл күн мектеп бітіруші түлектер үшін маңызды сәт. Қарапайым ғана естiлер соңғы қоңыраудың үнінде қаншама мағына жатыр. Бұл күн бала шәкірттің даналық ұясынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті. Бұл оқиға шәкірттік өмірмен қоштасып, азаматтық жолға қадам басу кезеңі.

11 Сынып Түлектеріне Құттықтау

Тарыдай боп кірдіңдер мектепке бұл, Таудай боп ұшып сендер барасыңдар. Қанаттарың талмасын жас түлектер, Алла қолдап мамандық аласыңдар.

Армандарың асқақтап, мақсатқа жет, Жас түлектер абыройлы жақсы атқа жет. Ұшқыр болсын ойларың, биік самға, Көктемдейін құлпырып, көңіл гүлдеп.

Мақсатыңа ұмтылғын, тек қана алға, Оқушы өмір сендерге қол бұлғайды. Балалық шақ артта қалды жас түлектер, Естелік қып мектептегі барлық жайды.

9 Сынып Мектеп Бітіріп Жатқандарға Құттықтау

Тоғызыншы сыныпты бітіргендер, Армандарың асқақ боп биік самға. Асуларды бағындырып, белестерді, Алға ұмтыл, биікте, артта қалма!

Әрбір күнді бағалап, арманға жет, Арайлы да шуақты таңдарға жет. Өмірдің қанша сынағы болса-дағы, Жеңіп шыққын қашанда сен күлімдеп.

Бар жақсысын арнай берсін бал өмірің, Сәттілікте жалғасып бар өмірің. Бақ-береке, қуанышын арнай берсін, Есік ашып, қадам басқан жаңа өмірің.

Мектеп Бітіруші Құрбыларға Құттықтау

Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы-құрдастарым!

Біз үшін қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет ән салмақ. Бұл ән барлығымызды өмір деп аталатын үлкен жолға шығарып салмақ. Бізге білім беріп, тәрбие берген аяулы ұстаздарымыз бен мектебіміз іштей тілектестік білдіріп, сәт-сапар тілеп қалар. Құрметті достар, сіздерге алдағы өмірлеріңізде тек сәттілік тілеймін. Тағдырларыңыз жұлдызды болып, армандарыңыз орындалсын.

Мектептен Ұшқан Түлектерге Құттықтау

Мектептен ұшқан түлектер, Оңды болсын қадамың. Жаңа өмір шаттық әкеліп, Орындалсын арманың.

Шаршамағын, талмағын, Биікке өрле, самғағын. Оқушылық өмірді, Студентке жалғағын.

Мықты маман атанып, Жас түлек тамыр жая түс. Абыройың асқақ боп, Өмірден бақыт таба түс.

Қадірлі ұстаздарымыз! Сіздердің берген тәрбие мен тәлімдеріңізді әрқашан ұмытпаймыз. Мектептен ұшқан сәтте де, аяулы мектебіміздің атына кір келтірмей, ар-ұжданымызды биік ұстап жүреміз. Біз сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Шәкірттеріңіздің ыстық ықыласына бөлене беріңіздер! Мереке мерекеге ұлассын!

Құрметті Жас Түлек!

Сіздің бүгінгі өмір айдынына аттанғалы тұрған мерекелі күніңіз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, сәтті сапар, мерейлі мақсат тілейміз. Аспаныңыз ашық болсын! Мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымы.

Көбірек тілектерді оқыңыз:

 

You Might Also Like

Новости

Реклама